Bugin

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тымдамасының жобасы қоғам өкілдеріне таныстырылды.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті  түрлі алаңдарда Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауды жалғастыруда. 
Аталған тұжырымдама бүгін қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырылды. 

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, Департамент, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. 

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Стратегиялық құжаттың маңыздылығымен таныстырған Департамент өкілдері, тұжырымдама қоғамның барлық саласына қатысты екендігін жеткізді.

Кеңес отырысында тұжырымдама жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізіліп, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. 

Кеңес отырысы аясында жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша мемлекеттік органдарды тыңдайтын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды. 

Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік мекемелердің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.