Bugin

Жапон ханшайымы сүйіктісі үшін мұрагерліктен бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin.kz. Жапония императоры Акихитоның немересі Мако ханшайым бүгін түстен кейін бір кездері Токиодағы Халықаралық христиан университетінде бірге оқыған заңгер Кей Комуроға тұрмысқа шықты. Күйеуі ақсүйек отбасынан болмағандықтан, Мако «ханшайым» титулынан айырылды. Сонымен қатар ол 150 миллион иенді (шамамен 1,3 миллион доллар) алудан бас тартты.

Ерлі-зайыптылар салтанатты рәсім өткізбеуді ұйғарып, некелерін аудандық муниципалитетте тіркеді. Одан соң жас жұбайлар Токиодағы қонақүйлердің біріне баспасөз мәслихатына барды.

Естеріңізге сала кетейік, Мако мен Кай Комуроның үйлену тойы осыдан үш жыл бұрын өтуі тиіс болған. Алайда салтанатты шараға аз уақыт қалғанда күйеу жігіттің анасы қаржылық алаяқтықпен айналысқаны белгілі болды. Әрі қарай жанжал болмас үшін Комуро Америка Құрама Штаттарына кетіп, үйлену тойы қарсаңында ғана оралды.

БАҚ-тың хабарлауынша, отбасы мен баспасөздің қысымы экс-ханшайымда жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс тудырған.

Үйлену тойынан кейін Мако мен Кей Комуро Америкада тұрмақ.