Bugin
Назарбаев әуежайындағы әуе тасымалы тоқтап қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз хатшысы елорда әуежайында жолаушылар тасымалы үшін де әуекеросинімен қамтамасыз ету мүшкіл болатынын айта келе, жолаушыларды болуы мүмкін олқылықтарға түсінушілікпен қарауға шақырды.
«Қыркүйек және қазан айларындағы тапшылық пен күрт өсімге қарамастан 14 мың тонна әуе жанармайы жеткізілмеді. Осыған байланысты бүгінде барлық резерв таусылып, әуежайда ұшақтарға «рульден» жанармай құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Эйр Астанадан» басқа барлық компанияның жағдайы ұқсас.Қараша айында бірде-бір жеткізуші әуе ЖЖМ жеткізу көлемін растаған жоқ. Жаңа шарттар бойынша ең жақын жеткізілім 15 қарашадан кешікпеуі тиіс. Біз жүк рейсіне жанармай құюға шектеулер енгізіп, жақын арада олардан мүлдем бас тартамыз. Кейін бұл әуе компанияларының Қазақстанға оралуы қиынға соғады», - дейді баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.