Bugin

Сенатта білім саласын жетілдірудің келешегі талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Сенаторлар Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен кездесуде үздіксіз білім беру жөніндегі тұжырымдаманы талқылады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы кездесуді аша келіп, құжатта жазылған әдіс-тәсілдер:
▫️Білім беру саласындағы әртүрлі деңгейлердің сабақтастығын қамтамасыз етуге;
▫️Оқыту нәтижелері мен біліктілікті танудың икемді құралдары арқылы мамандыққа қолжетімділікті кеңейтуге;
▫️Азаматтардың еңбекке ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Құжаттың негізгі қағидаттары туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев айтып берді.
Ол Тұжырымдамада оқыту мен дағдыларды игерудің дербес сипатын еркін таңдау, еңбек ресурстарының ұтқырлығы, қызмет түрін ауыстыру және өзге бағыттар бойынша кәсіптік білім алу мүмкіндігі жазылғаны туралы кездесуге қатысушыларды хабардар етті.