Bugin

Пенжім ауылында жаппай төбелес: жасөспірім жарақат алды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полицияның мәліметінше, 27 қазанда Алматы облысындағы Пиджім ауылындағы мектеп аумағында жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім ауруханаға түскен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткіншектердің төбелесіне 9-10-сыныптың екі оқушысы арасында туындаған ауызша кикілжің себеп болғанын хабарлады.

- Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық тараптары анықталды. Қазіргі уақытта жәбірленушінің Жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді - деді полицияда.

Аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ДП басшысы тарапынан ауыл азаматтарымен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, деп сендірді ведомство.