Bugin
БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын атанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Bugin.kz.
27 қазан күні өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген баяндамашы Сесилия Хименес-Дамаридің айтуынша, бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш.
«Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш»,- деді ол өз сөзінде.