Bugin

Тағы да төбелес: Екі оқушы пышақ жарақатын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, екі оқушы пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды. 

«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.