Bugin

Маңғыстау: Шекара қызметіне 8 жастағы бала қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысының теңіз шекара қызметіне 8 жастағы бала қабылданды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар24-ке сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Ұлан Тілеухан шекара қызметінде өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерген
«Маған теңізшілер, теңіз бен кеме ұнайды. Теңізшілермен кемеде осымен үшінші рет бардым. Теңізші болғысы келетін достарым бар. Оларға менің киімім ұнайды», - дейді Ұлан
Кемеде жас теңізшіге туды көтеріп, картаны зерттеп, бақылау жүргізіп, уақытты өлшеп отыру жұмысы табысталған. Кеме теңізшілері мен командирі үшін Ұлан көмекшіге де, досқа да, бойтұмарға да айналған.  
Мектеп оқушысын ата-анасы да қолдап отыр. Болашақта ол шекара қызметінде жұмыс істегісі келеді. Ұлан олар теңізді қорғап қана қоймай, браконьерлерді ұстайды, ал бұл Каспийдегі жануарлар дүниесін қамқорлыққа алу деген сөз екенін айтады.