Bugin

Марк Цукерберг Facebook атауының өзгергенін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Марк Цукерберг ақыры ребрендинг жасап, компанияның атауы өзгергенін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ресми бұл - мета ғалам дегенді білдіреді. Яғни, енді әлеуметтік желі қолданушылар виртуалды кеңістікті кеңінен пайдаланады. Мұнда жұмыс істеп, ойын ойнап, көңіл көтеруге мүмкіндік жасалады дейді авторлар. Дегенмен, Meta болғанымен Facebook-тің бұрынғы функциялары да өзгеріссіз қала бермек.
- Біздің компанияның енді Meta деп аталатынын мақтанышпен айтқым келеді — деді Марк Цукерберг арнайы видеоүндеуінде.
Соңғы уақыттағы платформаға қатысты шыққан жайсыз жағдайлардан кейін Цукерберг «мета әлем» жоспарын шұғыл жылдамдатып жібергені анық. Қазан айының басында болған ақаудан оның капиталы 7 млрд долларға шығын көрген еді.