Bugin
Жапонияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жарыстың бірінші күні жекелей көпсайыс бойынша іріктеу сындары өтіп, шеңбер мен доппен жаттығулардан да медальдар ойналды. Қазақстанның намысын жас спортшылар – Эльжана Тәниева (16 жас) пен Дильназ Байленова (17 жас) қорғады.
Құрсаумен жаттығуда Эльжана Тәниева 21-орынға, ал Дильназ Байленова 45-орынға тұрақтады. Жеке көпсайыста жарыстың бірінші күнінен кейін Таниева 18-ші қатарда, Байленова 29-шы орында.
Әлем чемпионатының алғашқы алтыны ресейлік Дина Аверинаға бұйырды. Құрсау мен доп жарысында оған тең келер ешкім болмады.
Қазақ гимнасттары жоғары нәтижемен жарқырай қоймады, финалға өте алмады. Бірақ олар дебюттік әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетті. Мәселен, доппен жаттығуларда екі қазақстандық спортшы да әлем чемпионатында үздік 20 спортшының қатарына кіре алды. Эльжана Тәниева 15-орынға тұрақтаса, Дильназ Байленова 19-орынға тоқтады.