Weekend
Жансейіт Түймебаевтың есеп беруі
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, 2018 жыл өңір үшін өте маңызды оқиғаларға толы ерекше жыл болды. Ол Президенттің тарихи жарлығымен облыс атауы өзгергенін, әкімшілк орталығы Түркістанға көшірілгенін атап өтті. Сондықтан тарихи оқиға өңірге ерекше лек бере отырып, облыстың жан-жақты дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқанын айтты.
«Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандарының құрылуы да – өткен жылдың ерекше оқиғаларының бірі. Осы тарихи және әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты үш негізгі мәселе қарастырылады. Оның біріншісі – Түркістан облысы халқының әл-ауқатын арттыратын экономикалық жүйенің даму бағытын анықтау, екіншісі - әл-ауқатты арттырып, тұрғындарға қызмет ететін инфрақұрылымды дамыту, үшіншісі – Түркістан облысында адам капиталын заманға сай қалыптастыру», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, Түркістан облысы экономикасын өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салаларын дамытуды айтып өтті.