Bugin
Батыр-шекарашы Р. Батырхановтың командирі Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевқа жүгінді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жеке құрамдастырылған атқыштар батальонының бұрынғы командирі Алексей Володин мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевқа кіші сержант Раджан Батырхановқа «Халық хаһарманы» шенін беруді сұраған видеоүндеу жариялады.
Еске салайық, 1993 жылы Батырханов Хәкім содырларымен қақтығыста ерлікпен қаза тауып, жолдастарын аман алып қалды.
Әлеуметтік желілердегі наразылық толқынынан кейін avaaz.org сайтында Раджанға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы петиция басталды, оған ТМД елдерінің барлығынан 5 мыңнан астам қол жиналды.
Бейнежолдауында Алексей Батырхановты марапаттау барысы туралы айтып, 1994 жылы шенеуніктердің «дәлелдер жеткіліксіз» деп «Халық қаһарманы» атағын беруден бас тартқанын айтады. Раджан Батырханов Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ең бірінші ерлікпен қаза тапқан болса, ең жоғарғы марапат майдан даласына аттанбаған азаматтарға берілді.
Мемлекет басшысына өтінішті жеткізудің соңғы үміті Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевта.