Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды Эйфель мұнарасының төбесінен түсірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Біздің түсірілім тобымыз оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетті. Осы кезде «Француз үйінің» күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатқан, ал «Буран-160» экипажының патрульшілері төменде тұрып, өтіп бара жатқандармен бірге секірмекші болған адам ойындағысын жүзеге асыратын болса деп тентті созды. Ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық. Оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам мас болды және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына әкелді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар Басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61