Bugin

Головкин мен жапондық боксшының жекпе-жек уақыты нақтыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

29 желтоқсан күні Жапонияда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Bugin.kz.

AsianMMA.com басылымының жазуынша, жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі.

«Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады», - деп жазылған хабарламада.

Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.