Bugin

Әлем біріншілігі: Бүгін кімдер шаршы алаңға шығады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін бокстан Сербия астанасы Белгардта бокстан ерлер арасында әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталады.  Бұл туралы Bugin.kz платформасы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кезекті жарыс күнінде Белград шаршы алаңына төрт қазақстандық боксшы шығады.

Күндізгі сессияда 54 келіде Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ин Гомен кездессе, 92 келіде Айбек Оралбай польшалық Матеус Березницкимен жұдырықтасады.

Ал кешкі сессияда 60 келіде Саматәлі Төлтаев Хунатип Пиндуч (Тайланд), 67 келіде Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовпен (Өзбекстан) келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.