Экономика

Жоқшылықта өмір сүрген миллиардерлер

Деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сәнді үй, яхта... Банк шоттарында  миллиардтаған ақша. Бұл кез-келген бай адамдардың қолында бар нәрсе. Бірақ оның бәрі аспаннан түсе қойған жоқ қой.  Осындай дәрежеге жету үшін аянбай еңбек етті.


Итальяндық Леонардо Дел Веккио 1935 жылы Миланда дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде бес баланы асырау қиын болғандықтан, анасы Леанардоны  жетімдер үйіне жібереді. 14 жасында көзілдірік жасайтын фабрикаға жұмысқа орналасады.  Ал 25 жасында өз өндірісінің иесі болады. Қазір «Luxottica» компаниясы - әлемдегі ірі көзілдірік өндіруші компанияның бірі. Леонардо Дел Веккио қаржысын  20,4 миллиард доллардан асып жығылады.



Американдық Дэвид Мердок тіпті мектепдіде аяқтамаған. Тоғызыншы сыныптан кейін ол май құю бекетінде жұмыс істейді, ал 1943 жылы майданға аттанады.  Әскерден  оралғанда ол бірнеше жүз доллар алып, асхана ашады.  Кейінірек ол құрылыс ісімен айналысып, көкөніс экспорттады. 5 миллиард доллар байлығы бар.


Бостаннан шыққан Дельсон Шелдон 12 жасында ағасынан қарызға 200 доллар алып газет сатқан. 50 шақты компаниялардың негізін салған. Бірақ, 15 миллиард долларға иелік етпес бұрын, Шелдон дәретхана сатушысы, сот репортері, қаржы кеңесшісі жұмыстарын атқарған.