Bugin
Жамбыл облысында дизель құйылған цистерналар өртенді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында "Амангелді ГӨЗ" ЖШС-нің Тараздағы бөлімшесі (газ өңдеу зауыты) аумағында өрт шықты. Жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі цистерна жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел қызметіне шақырту сағат 12.4-те келіп түсті», - делінген хабарламада.
Оқиға сағат 13.05-те оқшауланып, 13.17-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.