Bugin

Трамп: «Цукерберг – қылмыскер»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукербергті президенттік сайлауға араласқан қылмыскер деп айыптады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

«Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан жергілікті сайлау комиссияларына 400 миллион доллардан аса қайырымдылық жасап, 2020 жылғы президенттік сайлау науқанына әсер еткен қылмыскер», - деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде, АҚШ президентінің сайлауы қарсаңында Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан Технологиялар және азаматтық өмір орталығына (CTCL) және Сайлау инновациялары мен зерттеу орталығына (CEIR) 419,5 миллион доллар бөлген болатын.