Bugin
Жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихандарда биометриялық сәйкестендіру жүйесі жұмыс істейді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингтегі министрдің сөзіне сүйенсек, мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін емтихансыз алу фактілері бар. Осыған байланысты сынаққа келетін адамды тексеру шаралары күшейтіледі.
«Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихандарда биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жоспарда бар. Атап айтқанда, теориялық емтиханға кірердің алдында және емтихан үстінде тексеріс жасалады. Бұдан бөлек, практикалық емтиханда да тура сондай тексеріс болады», - деді Мусин.