Қоғам
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәлімдеуінше Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, Ақжар) басқарманың теңгерімінде.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында алдағы 4 жылда жалпы ұзындығы 95,74 шақырымды құрайтын 22 каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлануда.