Bugin
Bugin.kz. Түркістан облысы Шарапхана ауылына «Алаш арыстары» ескерткіші мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай ескерткіш орнатылды.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тарихымыздың ақтаңдақтарын қалпына келтіріп, алаштың асыл мұралары мен арда азаматтарын халықтың жадында жаңғыртып отыруымыз керек. ХХ ғасыр басындағы халқымыздың тағдырлы кешулері мен тарихи тұлғаларымыздың көрген қиындықтарын біз ұмытпаймыз. Бүгінгі ашылғалы отырған «Алаш арыстары» ескерткішінің, Созақ көтерілісінің құрметіне қойылған «Созақ қасіреті» мемориалы, даңқты бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған ескерткіш Президентіміздің сындарлы саясатына халық болып үн қосу, ұлт болып қолдаудың көрінісі», - деп жазды Берік Уәли.