Bugin
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіге дейін салмақта Қазақстан намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан 1/4 финалға шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
1/8 финалда 20 жастағы Махмұд Сабырхан шотландиялық Мэттбю Макхэйлмен кездесіп, үш раундтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді келесі айналымда қазақстандық былғары қолғап шебері Бразилиялық Майкл Тринидадпен кездеседі. Бұл кездесу 2 қарашаға жоспарланған.