Әлем чемпионатында қазақ боксшыға қатысты жанжал шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша, қазақстандық жеңіске жетті.

Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді жеңісті ұрлады деп айыптады.

- Төрешілер шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", - деді одақ президенті Слободан Джурич. "Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді - деді ол.

Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты. Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты жүлдесіне ілігеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61