Bugin

«Талибандардың» жетекшісі алғаш рет жұрт алдына шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Талибан» қозғалысының жоғары көшбасшысы атанғалы Хайбатулла Ахунзада алғаш рет көпшілік алдына шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Лаңкестік топ өкілдерінің мәлімдеуінше, 30 қазанда Ахунзада Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласындағы «Дарул Улум Хаким» медресесіне барған.

Ол өз сөзін «ержүрек сарбаздар мен шәкірттерге» арнаймын деп бастады.

«20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның езілген халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіз маған дұға етіңіз», - деді Ахунзада.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61