Bugin
Күні кеше Дубайда ЭКСПО маңайында әсерлі оқиға болды. 7 жасар қыз ата-анасымен халықаралық көрмеге келген, бірақ қызды ЭКСПО-ның өзі емес, павильондарда жиі серуендеп жүретін Дубай әмірі шейх Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен кездесу қызықтырды. Алайда, өкінішке орай, қыз жоғары дәрежелі шейхпен кездесе алмады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Үйіне қайтып келе жатқан бойжеткен көлікте жылап, анасына арманының орындалмай қалғанын айтып шағымдана бастады. Әлеуметтік желіде баланың көзіне жас алған видео жарияланып, ешкімді бей-жай қалдырмады. Біреу шейх Мұхаммедті белгіледі, ол найзағайдай жылдамдықпен әрекет етіп, қызды Al Wasl Plaza алдындағы алаңда кездесуге шақырды.
Қыздың арманы кенет орындалды! Шайхқа жүгіріп барып, оны қатты құшақтады. Жауап ретінде ол қызға өзінің алтын ЭКСПО белгісін табыс етті.