Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comОрта салмақтағы жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Twitter желісінде ағылшын тілінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
- Біздің ата-бабаларымыз жауынгер болған.Бір мысал айтқым келеді. Қабанбай 103 рет шайқасқа шықты.Және ол барлық қарсыластарын өлтірді.Соңғы жекпе-жегі 78 жасында.Оны бәрі біледі деп ойлаймын. Қазір жасым 28-де. Мен жас және күштімін. Қазақ мықты! – деп жазды Әлімханұлы.
Жерлесіміз WBO тұжырымы бойынша бұрынғы «уақытша» әлем чемпионы және орта санаттағы WBC Silver титулының бұрынғы иегері француз Хассан Ндам Никаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жегі 20 қарашаға шегерілгенін хабарлады.
Екі жауынгердің кездесуі Лас-Вегастағы Mandalay Bay Resort & Casino-да Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) - Шон Портердің (31-3-1, 17 КО) андеркартында өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61