Bugin

Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды жағымды жаңалықпен қуантты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жұмыс аптасының бірінші күні Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды бірнеше жақсы жаңалықпен қуантады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Сонымен, 1 қарашадан бастап елімізде магистратура мен докторантураға құжаттар қабылдау басталды. Егер бұрын-соңды қазақстандықтар грант ұтып алу үшін конкурсқа жылына бір рет қатысса, енді мұндай мүмкіндік екі рет беріліп отыр. Бұл шешімді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылдады. Күзде үміткерлер үшін грант жеңіп алу мақсатында тағы бір мәрте мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ бүгіннен бастап «ЖОО үздік оқытушысы-2021» байқауы басталады. Жеңімпаз 6 миллион теңге алады. Байқаудың мақсаты — педагог мамандығының беделін көтеру және оқытушыларды ынталандыру. Енгізілген ақпараттық жүйенің арқасында қатысушылар барлық кезеңнің ашық өткізілуін бақылай алады
1 қарашадан бастап елімізде WorldSkills республикалық чемпионаты бастау алды. Оған еліміздің барлық өңірінен колледждердің үздік студенттері қатысады.
Сонымен бірге бүгін оқушылар үшін күзгі демалыс басталып, 7 қарашаға дейін жалғасады. Жаңа оқу тоқсаны басталар алдында балаларымызға күш-қуат жинап, жақсы демалыс болуын тілейміз!