Bugin

Синоптик: Қарашада 25 градусқа дейін аяз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктер алдағы бес айға ауа райының болжамын жасады, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаның айтуынша, биылғы қыс климаттық нормаға сәйкес болады.

«Желтоқсан айында боранды күндер көп болады. Орташа ауа температурасы -12-14 шамасында, бұлнормаға сәйкес. Алғашқы онкүндік айтарлықтай жылы, күндіз – 0 мен -5 градус аралығында болса, екінші онкүндікте -15-ке дейін суытады. Түнде сынап бағанасы -25 градусқа дейін төмендемек. Ал үшінші онкүндікте күндіз -20-25 градус, түнде -35 градусқа дейін аяз болады», - дейді Наталья Левина.

Маманның мәлімдеуінше, биыл да қаңтар айы аязды болмақ.

«Ауа райына Моңғол (Сібір) антициклоны әсер етеді. Түнде сынап бағанасы -35-40 градусқа дейін төмендейді. Айдың орташа ауа температурасы нормаға сәйкес -17-20 градус шамасында болады. Жауын-шашында әдеттегідей – 14-23 мм жауады. Антициклонның салдарынан қалың қар жауып, боран тұрады. Ақпан айы қаңтарға ұқсас. Ауа температурасы орташа 14-16 градус шамасында болмақ», - дейді Наталья Левина.