Bugin

Жағымды жаңалық: Карантин жеңілдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда эпиджағдайға қатысты "сары" аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап "қызыл" аймақтың карантин шектеулері алып тасталды. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz.

Алматы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өткеннен кейін жеті күннен соң карантин шектеулері жеңілдеді.

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі осыған байланысты жаңа қаулы шықпайтынын, барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілгенін айтты.