Bugin

Елордада трактор жолаушылар автобусына соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада трактор жолаушылар автобусына соқтығысып, үш жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Көлік компаниясының мәліметінше, оқиға сағат 13.30-да Тәшенов көшесі мен Республика даңғылы қиылысында болған.

«Арнайы техникамен №2 автобус соқтығысқан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деді компанияның баспасөз қызметі.