Bugin

Жалақы айырмашылығына қарай табыс салығының мөлшері өзгере ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалақы айырмашылығына қарай салықтың көлемі өзгере ме? Мәселен, ең төменгі жалақы алатын азамат пен жоғары айлығы бар азамат бірдей салық төлей ме? Бұл туралы ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Іңкәрбаевтың айтуынша, қазіргі кезде арнайы жұмыс тобы бұл мәселені қарастыруға кіріскен.

«Әрине, қазір әртүрлі реформалар жүргізіліп жатыр. Қаржы министрлігі экономика министрлігімен осы мәселені қарастырып жатыр, арнайы жұмыс тобы құрылды. Сол жұмыстың нәтижесінде салық қандай мөлшерде және қандай жалақыға салынатыны туралы шешім шығарылады. Әзірге ақпарат беруге ерте деп ойлаймыз», - деді ол.