Bugin

Ақтауда құны 5 млрд теңге болатын зауыт ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құбыр дайындайтын зауыт ашылды, - деп хабарлайды Bugin.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​​Бұл - еліміздегі диаметрі (530 мм дейін) кіші болат құбырларын сыртқы және ішкі коррозияға қарсы қоспамен қаптап, құбыр әзірлейтін алғашқы зауыт. Кәсіпорын жылына мұнай-газ өнеркәсібіне қажетті 700 шақырымға жуық құбыр өндірмек. Мұнда соңғы үлгідегі технологиялардың көмегімен құбырларға ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары жүргізіледі.

Инвестициялық жобаның құны 5 млрд теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмысшылар арнайы даярлықтан өткен.