Bugin

QazVac халал сертификатын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Алматыда өткен брифингте қаланың Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Есім QazVac вакцинасы халал сертификатын алғанын мәлімдеді, - деп жазады Bugin.kz.

«Біз отбасымызды коронавирустан қорғап, қамқорлық жасауға тиіспіз. Вакциналану – бұл жалғыз шешім және қазір өте маңызды. Дін әркімге өмір мен денсаулыққа дұрыс күтім жасауды және аурудың алдын алу жолдарын іздеуді міндеттейтінін есте ұстаған жөн. Вакциналар бірқатар мұсылман елдерінде қолданылады. Сондықтан уақыт жоғалтпай, халал және халал емес вакциналарды қарастыру қажет. Адамдардың өмірін құтқаратын кез келді», – дейді дін қызметкері.

Сондай-ақ наиб имам QazVac қазақстандық вакцинасы халал жалпы талаптарға сәйкес сертификатын алғандығын да атап өтті.