Қоғам

19 347 адам жұмыспен қамтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 9 айдың көрсеткіші бойынша 19 347 адам жұмыспен қамтылды.

Нақтырақ айтқанда:

• І  бағыты бойынша - 2675 адам (3 айлық кәсіптік оқыту курстарына); 
• ІІ бағыты бойынша - 2 155 адам («Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік курсына);
• ІІІ бағыты бойынша (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу) - 8 168 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 336 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2531 адам жастар практикасына, 2845 адам қоғамдық жұмысқа, 115 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы бойынша 24 айға жолданды.

Ал 53 адамға шағын несие, 584 адамға мемлекеттік грант берілді. 

Сонымен қатар, «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан ашылған «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру секторы бүгінге дейін 4 224 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсеткен. Ал Шипажай орындарына емделу үшін 2 689 адамға жолдама берілді.

Айта кетейік, мүгедектерге арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігіне 1 124 өтінім, ал 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігіне 651 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілді.