Bugin

Хабиб Нурмагомедов Дубайда футбол мектебін ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Хабиб Нурмагомедов БАӘ-де футбол мектебін ашты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен бұрынғы голландиялық футболшы Кларенс Зеедорф бірлескен жобаны қолға алып, Дубайда футбол мектебін ашты. Ондағы негізгі оқыту әдісі футбол мен аралас жекпе-жек өнерінің қосындысы болмақ.

- Біз бүкіл әлемдегі жастарға футбол мен аралас жекпе-жек өнерін біріктіретін жаттығу әдісі арқылы олардың спорттық және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік бергіміз келеді. Жоба біздің қоғамға бір нәрсе қайтаруға деген ортақ ниетімізге және спортты жақсартуға деген ұмтылысымызға негізделген - деп жазды Зейдорф Instagram парақшасында.