Bugin
Bugin.kz. Колумбияның батыс провинциясындағы 3325 медицина қызметкері COVID-19 вакцинасын алудан бас тартуына байланысты жұмыстан шеттетілді.
«Облыстағы 127,5 мың медицина қызметкерінің 96 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтап үлгерді. Ал 2 мыңнан астамы бір ғана инъекция алған. Қалған 3325 адам екпе туралы мәліметтерді беруден бас тартты. Соның салдарынан олар жұмыстан шеттетілді», - дейді аймақтың денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Эдриан Дикс.