Bugin
АҚШ-та осы аптада коронавирусқа қарсы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау науқаны басталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар24-ке» сілтеме жасап.
«АҚШ-та осы уақытқа дейін 18 жасқа дейінгі 6 миллион баладан коронавирус анықталғанын білеміз. Олардың 2 миллионы 5 пен 11 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Бұл балаларды жедел вакциналау қажет екенін көрсетіп отыр. Мен өзім екі баланың әкесімін. Бұл – ата-аналар үшін қиын таңдау. Бірақ балаларымызды жұқпалы дерттен қорғаудың ең тиімді жолы осы», - деді дәрігер Мэтью Харрис.
Ол үшін Pfizer BioNTech компаниясының екпесі таңдалды.