Weekend

Жан дүниеңді ақтарар жан бар ма?

Жалғыздықтан жалықтым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін күні бойы уақытты көңілді өткізді. Жастық шақ ең бір сондай ғажайып кезең. Ғажайып шақтың күнделігіне тағы бір естен кетпес естелік қосылды. Негізі бұл күнделіктің қызықты сәттері көп. Қайғыға қарағанда қуаныш басым. Бірақ бұл күнделікке шынайы дүниелер жазылмайды. Оны ескерген де жөн.

  • Мен жалғызбын...
  • Құдай сақтасын, неге олай айтасың? Ата- анаң бар, әпке-сіңілің бар, туыстарың бар. Достарың бар. Шүкіршілік етпейсің бе? Жалғызбын дегені несі?
  • Иә, жалғызбын. Жан- дүнием бос. Тұрғындары жоқ. Тастап кеткен дейін десем, болмаған да. 
  • Тоқтай тұршы, мен сенің ең жақын досыңмын, екеуміз бөліспеген сыр жоқ десем.
  • Сенің ойың Солай болғаны. менің ішіме кіре алсаң кіріп көрші. Шын айтамын, әлде бар ғой менің жүрегімді алып көрші. Не бар екенін. Барлық болмысымды көрсетеді деп ойласаң қателескенің. Ешқашан ешкімге 100%- ға ашылған емеспін.                   Солай. Не үшін жалғызбын, білемісің?) ішкі дүнием жалғыз.  Сол босты толтырушы керек. Жанашырды іздейді, айтпастан түсінетінді іздейді, мұңдасатын, жырласатын, сырласатын жанды іздейді. Қолдайтын, қорғайтын, солмайтын жанды іздейді. Қайтпасты, ешкім таппасты іздейді.    Айналада не көп, көпшілік. Мән аудар, көпшілік. Ұзақ сапарға шыққан көпшілік. Бірі қолыңнан сүйреп қатардан қалмауға көмектессе, бірі кеудеңнен итеріп, саптан шығарып тастайды.  Сол жолда жалғыз сияқтысың. Қатты қорқасың, бұл жалғыздықтан. Жалғыздық емес-ау, біреуді әлеміңе кіргізуден шығар. Бірақ кейде етің үйреніп кеткен секілді көрінеді ме? Жаның мен тәнің неге бірге әрекет етпейді? Мүлде қарама- қайшылықты ұстанатыны несі? Мен өзімнен қорқамын, адасқан адамнан, не керектігін, не қажеттілігін түсінбейтін, түсінсе де түсінгісі келмейтіннен. 
  • Өзіңді ғана осындаймын деп ойлама!  Әркім өзінше жалғыз. Нақтырақ, солай ойлайды, өзін сендіреді.  Жұбату шығар өзін. Аяу шығар. 
  • Сен мені түсінбедің. Бекер ағымнан жарылған сияқтымын ғой, жарайды, кездескенше! 

Өзінің "жалғыздық әлеміне" аттанып кетті.