Bugin

Бокстан ӘЧ: Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кімдер?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Сербия астанасы Белградтағы біріншіліктің ширек финалында он қазақстандық спортшы бақ сынайды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бокс ережесіне сәйкес, бүгінгі жекпе-жекте жеңімпаз атанғандар автоматты түрде әлем чемпионатының жүлдегері атанады. Жартылай финалдық жолдамаға ие болған спортшы жолдамамен қатар, қола жүлдені қанжығалайды. 

Белград шаршы алаңына әлемнің 88 елінен барлығы 510 былғары қолғап шебері шықты. Ал 42 елден 104 боксшы жарысты әрі қарай жалғастырып, бүгін басталатын 1/4 финалына қатысады. 

Назарларыңызға ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылар мен қарсыластарының тізімін ұсынамыз.

48 келі: Теміртас Жүсіпов/Нодиржон Мырзахмедов (Өзбекстан)

51 келі: Сәкен Бибосынов/Юбергуен Мартинез (Колумбия)

54 келі: Махмұд Сабырхан/Майкл Тринидад (Колумбия)

57 келі: Серік Теміржанов/Эдуард Савин (Ресей)

60 келі: Саматәлі Төлтаев/Софьян Умиа (Франция)

63,5 келі: Санатәлі Төлтаев/Риз Линч (Шотландия)

67 келі: Абылайхан Жүсіпов/Чинзоринг Баттарсухийн (Моңғолия)

71 келі: Асланбек Шымбергенов/Юрий Захареев (Украина)

75 келі: Нұрқанат Райыс/Сальваторе Кавалларо (Италия)

80 келі: Нұрбек Оралбай/ Владимир Мирончиков (Сербия)

Әлем чемпионатының күндізгі сессиясы елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады. Күндізгі кезеңде Қазақстан сапынан Теміртас Жүсіпов, ахмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс және Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады. 

Ал кешкі сессия елорда уақытымен сағат 23:00-ге жоспарланған. Кешкі сессияда отандастарымыз Санатәлі Төлтаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайға жанкүйер болады. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61