Bugin

Арман Абдиев: Елдегі үлкен мәселенің бірі – IT-маманының аздығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin Holding компаниясының атқарушы директоры, IT – маманы Арман Абдиев IT – саласына қатысты ең маңызды 7 сұраққа жауап берді.

IT - маманы қандай программалау тілін меңгеруі керек?
- IT - саласында 100- ге жуық программалау тілі бар. Жыл сайын ол тілдер өзгеріп отырады. Бір тілдің өзін жақсы білу жеткілікті.

IT - саласының қай бағытын жетілдіру керек?
- Жақсы IT - мамандар шет елге жұмыс істеуге кетіп жатыр. Сол үшін Қазақстанда ішкі нарықты дамыту керек. Әлемдік тәжірибені толық игеру керек.

IT - маманы қандай қасиеттерге ие болуы керек?
- Уақыт өткен сайын заман талабы да өзгеріп жатыр. IT - маманы үздіксіз білім алуы керек. Олардың потенциалы маңызды. Жаңа дүниені үйренуге деген құлшыныс пен шыдамдылық та керек.

IT - маманына сұраныс қаншалықты?
- Елдегі үлкен мәселенің бірі - IT маманының аздығы. Олар әлемдегі ең қажетті мамандықтар тізімінде топ бастап тұр. Сол себепті, ішкі , сыртқы нарықта да сұранысқа ие.

IT - маманының табысы қанша?
- IT - маманының тәжиребесіне байланысты 3 түрлі типке бөлінеді. Junior, middle, senior.
Junior маманы 300 000 – 500 000тг, middle маманы 500 000 – 1 000 000тг, ал senior мамандары
миллионнан аса табыс таба алады.

IT - маманы болуы үшін қандай пәндерді оқыған дұрыс?
- Ол ушін математика, физика пәндерін жетік білуі керек.


IT - саласындағы қолайсыздықтар
- Денсаулыққа қатысты қолайсыздықтар болады. Отырып жұмыс жасағандықтан арқа ауруы болуы мүмкін. Оған қоса көру қабілеті де нашарлайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61