Bugin
«Жұлдыз-жорамал бойынша әр адам қай айдың нешінші жұлдызында туды. Соған орай оның бойында әлгі жыл мезгілімен сәйкес келетін жан-жануарлардың қасиеті болады» дейді ежелгі славян халқының жұлдыз жорамалында. Ол үшін қай мезгілде туылғаныңызды төмендегі мәтіннен тауып, көріпкелдердің болжамына назар салыңыз.
1. 10 қаңтар – 9 ақпан: Құну (сусардың бір түрі).
Оған жайшылықта бірде-бір аңшы өздігінен тиісе алмайды. Ол өз жерін басқа жануарлардан артық қорғайды, бөтендерді кіргізбейді. Оның аймағына келіп ұя салып, ін қазып орналасқысы келгендерді аямайды. Ашық ортада жүргенді қаламайды, өзіне қатаң қарайды. Ең тамаша қасиеті – өз ақылымен шешкен нәрсесінен ешқашан қателеспейді. Бойын күте білетін қасиетін айтсаңшы. Өз туыстарына қарағанда құну тазалығымен ерекшеленеді. Құну кезеңінде туылғандардың бойында ослы қасиеттердің бәрі де болады.
Құнудың кезеңінде туылғандар басқаларға қарағанда қызғаншақтау, өзге мәселелерге қарағанда, отбасын ең бірінші орынға қояды. Сыртқы сұлулығы мен турашылдығы үшін айналасына үйіріле қалатын достары да көп. Тіпті оларды жаулары да жақсы көреді. Өздері де достықта адал жандар.
2. 10 ақпан – 9 наурыз: Қарға.
Сырт көзге оғаштау, бірақта ақылды құстар қатарына жатады. Ақылдылығы-миында емес, сезімталдығында. Ертеде бұл құс туралы даналар «бастың миы ештеңе емес, бастысы – жұлын болса болды» деген әзілді пікір де айтқан. Ол барлық іс-қимыл мен еңбек етуді басқаратын жұлын екендігін айтқаны болар, бәлкім.
Қарға кезеңінде туылғандар – өзгелер он ойланып, сан толғанып, біреудің көңіліне, біреудің көзіне қарап әзер жауап беретін сұрақтың жауабын бірден айта салатындар. Айтқанда да ең дұрыс жауап солардікі. Оларға салт-дәстүр, атадан балаға қалған істі жалғастыру маңыздырақ. Қарға домалап бара жатқан алманың соңынан қумай, тоқтайтын жеріне барып күтіп тұрады.
3. 10 наурыз – 9 сәуір: Ақкіс.
Кішкентай аң болса да ішкі күші асып тұрады. Содан бір орында тыныш тұрмайды. Өзіне соншалықты сенімді, оған заң, белгілі бір жүйе, ереже-қағида әсер етпейді, оны құлағына да ілмейді. Өмірде өз қағидасы бар, көпшілікке арналғаны оған керек емес. Шын көңілден қиындықтарға тап болғандарға көмектескісі келгенмен, аяғын аңдап басады. Өзінің көмегін пайдасына асырып кететіндерді өте жек көреді.
4. 10 сәуір – 9 мамыр: Бақа.
Суда да, құрғақта да тіршілік етеді. Тіпті, ормандарда ағаш басын мекендейтін бақаларды естіп пе едіңіз? Кез-келген жағдайға бейімделе алатыны осыдан-ақ байқалмайды ма? Әлгі қасиет бақа кезеңінде туылғандарға да беріледі. Олар кез келген жұмыстың үдесінен шығып, дөңгелентіп әкетеді.
Бақа аулағалы отырған шыбыны ұшып кетсе де сабырлы қалпын жоғалтпайды. Сол орында отырып, келесі шыбынның ұшып өтуін асықпай аңдиды. Кез келген жерден өзіне жайлы орынды сайлап алады. Осы қасиеттерін Бақа кезінде туылған жанның табысқа жетуде сабыр сақтай алатындығымен, мүмкіндікті күтетіндігімен, сонымен қатар, сәтті кезді мүлт жібермейтіндігімен ұштастыруына болады. Ішкі жан-дүниесі таза, өзі адал бола тұра өзгеге ұқсағысы келмейтін тамаша қасиеті де бар.
5. 10 мамыр – 9 маусым: Шегіртке.
Шаршауды білмейді. Секіре береді, қорқып тұрып жаңа орынға, жаңа мекенге бағыт алады.
Шегіртке кезеңінде туылғандар бір жұмыс орнында ұзақ отырып қалмайтындар. Өмір бойы бір жерде отыру олар үшін мүмкін емес. Барлығын көргісі, бәрін байқағысы келеді. Солай етіп жүрсе, оған таңданбаңыз. Сәттілікке қол жеткізу де тым қиын емес, кейде асығыс шешім жасау кезінде уысынан сәттілікті шығарып алатын да кездері болып тұрады.
Оның ішкі қорқынышын тек ең жақын досы ғана білуі мүмкін, басқалар оны өжет те батыл деп ойлайды. Бастаған ісін тастап кету сияқты кемшілігі де бар. Бірақта бір кездері қайта айналып соғып, оны соңына дейін тындырып та кете алады.
6. 10 маусым – 9 шілде: Алақоржын.
Жылдың жартысын ұйқымен өткізсе де аз мерзім ішінде бүкіл қыстық азығын артығымен жинап алатын тамаша қасиеті бар. Бұл қасиеті осы кезеңде туылғандарға да берілген. Сергек кезінде одан белсенді, пысық ешкім жоқ. Бар тапқанын үйіне қарай таси береді. Күн мен түнге қарамай еңбектенетін қасиеті оның қыс бойы ұйқымен өткізгендегі «кінасін» бір-ақ маусымда шайып жібереді. Бірақ тынығуға тоқтамасын десеңіз, өз-өзіне келе алмай ұзақ маужырап қалады. Мүмкіндігі болғанша оны тоқтатпаған дұрыс. Істің нағыз қайнаған тұсын тауып, өзін жарқ еткізіп бірден көзге түсіре алады.
7. 10 шілде – 9 тамыз: Ұлу.
Сезімтал. Ұлу кезінде туылғандар да солай. Адамдардың ішкі жан-дүниесі мен ой-пиғылын әріден сезеді. Олардан тамаша көшбасшылар, жетекшілер мен ұйымдастырушылар шығады. Олар пікірлері бір-біріне мүлде қарама-қайшы келетін жандарды бір ортаға біріктіріп, тіл табыса алады.
Бұл кезеңде туылған жандардың асқан сезімталдығы кейде өзіне де әсерін тигізбей қоймайды. Басқаның шын қиналып тұрғандығын сезіп, қолындағы барын беріп жібере салып, соңынан бармағын тістеп қалатын да кездері аз емес. Олардың көңілін қалдыруға болмайды, өзгелердің өзіне деген титтей де болса теріс ниеттілігін сезсе, қабыршағына кіріп алған ұлудай қайтып шығару қиын.
8. 10 тамыз – 9 қыркүйек: Құмырсқа.
Еңбектен шаршамайды, жалықпайды да. Үнемі денесі жылтырап жүретіндігі – қимыл, қозғалысынан, бойын күте білетіндігінен.
Осы кезеңде туылдыңыз ба, демек құмырсқаның қасиеттері де сізге лайықты. Білек күші жетпеген жұмысты ақылдылылығымен атқара біледі. Не тапса да отбасына қарай тасиды. Ысырапшылдыққа жол бере алмайтын олар аз ішіп, көп еңбек етуді дұрыс көреді. Той-думан, себепсіз бас қосулар мен босқа қаражат жұмсайтындардан көбіне бойын аулақ ұстайды.
Олардың осы еңбекқорлығы өтемсіз болмайды, жұмыста жоғары мансапқа көтеріліп, бұрынғыдан да қиын шаруаның ескегін ұстатады қолына. Жауапкершілігі жоғары екендігін басшылар тарапы бірден байқайды. Кімді де болса ақылмен емес, еңбегімен баурап алады. Шынында да солай емес пе? Сәттілік 1 пайыз талант пен 99 пайыз еңбектің арқасында келеді ғой.
9. 10 қыркүйек – 9 қазан: Шартылдақ қоңыз.
Бұл жәндік өмірінде бірнеше «жәндікке» айналады. Құрт кезінде өсімдік тамырын кеміріп жүріп, қуыршаққа айналам деп ойламайды. Қуыршақ ішінде де мәңгілік осылай қозғалыссыз болам дегенмен, бір кездері оны тесіп шығып, әлемге қанат жайып ұша жөнеледі...
Бұл кезеңде туылғандардың ұқсастығы мынада – олар ешқашан алдын-ала өмірге жоспар құрып, соған өзін дайындамайды. «Осылай болуы тиіс» деп мойынсұнып жүргенмен, өмірінің мүлде басқа арнаға түсіп кете салуы ғажап емес. Өзінің көптеген қабілетін байқай білмейді, ал көзі жетсе, бар қырынан танытады.
10.10 қазан – 9 қараша: Құндыз.
Тыныштық, тәртіпті, тазалықты сүйеді, бөгет-тоғандар салумен «Жабайы табиғаттың инженері» деген атқа ие. Ешбір шегесіз-ақ өзен-көлдерге тосқауыл қойып, су деңгейін жоғарылату деген басқа ешбір аңның қолынан келмейді. Барлық аңдар ауа-райына қарай бейімделсе, құндыз өз мінезі мен қабілетіне өзінің тіршілік етіп жатқан аймағын бейімдеп алады.
Құндыз сияқты болу – көп білу және көп іс жасай білу. Ол өмір сүріп жатқан орманда өрт бола қалса, құндыз су ортасында салынған үйшігінде алаңсыз отыра береді. Ең алдымен, бар жағдайды өзіне жасап, сосын ғана басқа жұмысқа кіріседі.
11. 10 қараша – 9 желтоқсан: Ит.
Ерекшелігі адалдығы мен ештеңеден тайсалмайтындығы. Өмірде сөзде тұра алатындар аз. Уәдесіне беріктер Ит кезеңінде туылғандар. Сөзге де, іске де берік жандар ешқашан алдына кешірім сұрап келгенге үстемдік жасамайды, біреудің артынан түкірмейді. Қашанда адамдықты бірінші орынға қояды.
Өз достарына мүлде беріліп кеткен. Достарын отбасындай көріп, қызғыштай қориды. Бірақ өзі қанша алданса да, олардан бәрібір үмітін үзбейді. Адал күйінде қалады оларға сырыңды айтуға, өмірлік құпияңды жария етсең де өкінбейсің. Сыр сақтай біледі. Адалдығының арқасында жетістіктерге жетіп, назарға ілігеді.
12. 10 желтоқсан – 9 қаңтар: Аю.
Орман иесі, алайда аң патшасы емес. сол себепті, өзінің кім екенін, неге иелік етуге тиістілігін жақсы біледі. Тек уысына түскен аң қашып құтыла алмайды. Бал мен тәттіге құмар. Қолайсыз денесіне қарамастан, бала сияқтанып та кетеді...
Аю кезеңінде туылғандардың бойында қаһарлық пен баладай бал көңілділік те қатар жүреді. Қаласа кез келгенді басып оза алатын қасиетке ие. Тек оны көп пайдаланбайды. Бойынан әлсіздерге қамқорлық жасау, көмек беру тәрізді қасиеттері көп көрінеді. Сол себепті оны жанындағылар басшы санайды. Сырт келбеті қаһарлы болғанымен, жаны жылы. Өз ережесіне бағынбағандармен тіл табыса алмайды, сәл өзімшілдеу. Оның тілін балдай тәтті сөздерімен табуға болады.