Bugin
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева Мета кеңсесінің «Қазақстан Facebookпен бірлескен мәлімдеме жасамағаны туралы» айтқан ойына түсініктеме берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta (Facebook) компаниясының өңірлік офисімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын», – деп жазды Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Facebook желісіне иелік ететін Meta Platforms компаниясы Қазақстан Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің (МИОР) қазақстандық тарапқа әлеуметтік желінің мазмұны бойынша есеп беру жүйесіне эксклюзив қолжетімділік беру туралы мәлімдемесін жоққа шығарған болатын.