Bugin
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында Қазақстандық боксшы 48 келі салмақта Нодиржон Мирзахмедовпен қолғап түйістірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жекпе-жек барысында Теміртас алғашқы екі раундта қарсыласына көбірек соққы жұмсап, нәтижесінде төрешілер оның жеңгенін мойындады. Жалпы нәтиже бойынша қазақстандық боксшы басым түсті. Осылайша Теміртас жартылай финалға жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты.