Bugin
Facebook Қазақстанмен келісім туралы ақпаратты растады. Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі аймақтық директоры Джордж Чен Қазақстанның Контенттік есеп беру жүйесінің бір бөлігіне айналғанын растады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
- Meta-да (бұрынғы атауы Facebook) бүкіл әлем үкіметіне жергілікті заңнаманы бұзады деп саналатын контент туралы хабарлайтын арнайы онлайн-арна (Content Reporting System, CRS) бар. Қазақстан CRS құрамына енді - деп жариялады Meta компаниясының қоғамдық саясат жөніндегі аймақтық директоры Джордж Чен Facebook-те.
Бұл ретте Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Контент туралы хабарландыру жүйесі - Meta-ның (бұрынғы Facebook) ішкі ақпараттық жүйесі саналады, Facebook және Instagram платформаларында анықталатын, Мeta жаһандық контент саясатын да, жүйеге рұқсаты бар мемлекеттердің ұлттық заңнама талаптарын да бұзатын контент туралы хабарландыру жіберу үкіметтік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
- CRS бүкіл мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары үшін контент саясатына жауап беретін Meta (Facebook) компаниясының халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасын ұсынады - деп мәлімдеді министрлікте.
Ведомствода CRS қолдану зиян контентті жою бойынша қабылданған шаралардың жеделдігін және жалпы Facebook және Instagram платформаларында заңнамаға қайшы келетін материалдың таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп санайды.