Bugin

31 жастағы әйел жеті килограммдық сәбиді дүниеге әкелді (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

31 жастағы әйел жеті килограммдық сәбиді дүниеге әкелді. Бұл Ұлыбританиядағы үшінші ірі сәби, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sun басылымына сілтеме жасап.

31 жастағы Черрала Митчелл жүктілікке қарсы спираль болғанына қарамастан аяғы ауыр болған. Ол дүниеге келген сәбиінің салмағын білгенде таңғалғанын жасырмайды. 

Черпаланың айтуынша, ол баласының бұндай үлкен болатынын ойламаған. Тіпті, ішімнің қай бөлігіне жасырынғанын да білмейді.

Әйелді кесарь арқылы босандыру үшін екі акушердің көмегі қажет болған. Өйткені нәресте соншалықты үлкен болады деп ешкім күткен жоқ. Дәрігерлер нәресте ананың гестациялық қант диабетіне байланысты үлкен болып туылды деп болжайды. Жүктілік кезінде алғаш рет қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалған. Бірақ «қант диабеті» диагнозын қоюға жеткілікті деңгейде анықталмады. 

Үлкен сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Оны неонатологтар бақылауда ұстайды. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61