Bugin
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов НЗМ оқушысының өз-өзіне қол жұмсауы туралы қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Тергеу оқиға орын алған күннен басталды.
- Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізуде. Сегізінші сынып оқушысы. Жан түршігерлік оқиға. Отбасында бұл бала ең үлкен болды. Олар отбасыда 4 ағайынды. Оқиғаның мән-жайын бәрі біледі деп ойлаймын. Бірнеше күн бойы осының бәрі БАҚ-та және әлеуметтік желілерде тарап кетті - деп түсіндірді тікелей эфир барысында Рустам Әбдірахманов.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда сабақтан тыс уақытта Алматы қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ сегізінші сынып оқушысымен оқыс оқиға болған еді. Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған болатын.
НЗМ-нің бірнеше оқушылары "юбкадағы акция" өткізу арқылы оқу орындарындағы суицид пен сексизм проблемасына назар аударғысы келеді. Кейінірек қаза болған баланың әкесі мектеп басшылығына, сондай-ақ куратор мен психологқа ешқандай шағым жоқ деп мәлімдеді.
Балалар омбудсмені Аружан Саин баланың іс-әрекетінің себептері, сондай-ақ тергеу қорытындылары белгілі болғанға дейін біреудің жауапкершілігі туралы айтуға әлі ерте екенін айтты.