Bugin
Қазақстан құрамасы 2021 жылы Белградта өтетін әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаевтың шотландиялық Риз Линчке қарсы ширек финалдық жекпе-жегіндегі төреші шешіміне шағымданды, - деп хабарлайды Bugin.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жекпе-жектің нәтижесі бойынша аппеляциялық шағым түсірді, - деп мәлімдеді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев.
Сонымен бірге, Бақтияр Артаев өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те шағым бойынша қандай шешім шыққанын хабарлады.
«Барлық мемлекеттен 17 шағым берілген. Соның тек біреуінің шешімін өзгертті. Басқа шағымдардың шешімдері өкінішке қарай өзгеріссіз қалды», - деп жазды Артаев.
Еске салайық, 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Төлтаев пен Линч арасындағы жекпе-жек шотландиялық боксшының 3:2 есебімен даулы жеңісімен аяқталған болатын.
Тағы бір айта кетерлігі, 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан он қазақстандық боксшының тек бесеуі ғана жартылай финалға шыға алды:
Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Аблайхан Жүсіпов (67 келі).