Bugin
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Төраға Нұрлан Нығматулин әріптестеріне ескерту жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Әңгіме әкімшілік жүктемені азайту мақсатында ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, есептерді тек электронды түрде беру талабы заңнамалық тұрғыдан бекітілетіні туралы өрбіді. Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылға қарай есеп беруді электронды нұсқаға толығымен көшіруді жоспарлап отыр, алайда Цифрлық даму министрлігі бұған қарсылық білдірді, өйткені олар бүкіл Қазақстанды, әсіресе шалғай ауылдарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге үлгермейтінін жеткізді.
Нығматуллин әріптестерін жұмыстың нашарлығы және есептердегі әр түрлі мерзімдер үшін сөкті.