Білім және ғылым

Аймағамбетов «WorldSkills Kazakhstan 2021» Республикалық чемпионатын бастап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Асхат Аймағамбетов  «WorldSkills Kazakhstan 2021» Республикалық чемпионатын бастап берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты басталды. Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өтті.  

- Құрметті әріптестер, Ұлттық чемпионатқа қатысушылар! Баршаңызды чемпионаттың басталуымен құттықтаймын. Бірнеше жыл бұрын біз WorldsSkills әлемдік қозғалысына қосылып, 50-орында тұрақтаған едік. Қазірдің өзінде біз әлемдік рейтингтегі позициямызды едәуір күшейтіп, 14-ші орынға ие болып отырмыз. Бұл айтарлықтай жетістік, бірақ біз алдымызға бұдан да өршіл міндеттер қоюымыз керек. Келесі жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатта біз техникалық және кәсіптік білім беруде үздік командалардың алғашқы ондығына кіруіміз қажет. Мен студенттерімізге сенім артамын. Әлбетте, бұл қол жеткізуге болатын міндет деп санаймын. Сіздерге толағай табыс пен жеңіс тілеймін, – деді министр Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзінде. 

Білім және ғылым министрі мемлекет техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай барлық тілек білдіруші тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етіледі.  

- «Жас маман» бағдарламасы бойынша еліміздің 180 колледжі заманауи жабдықтармен жабдықталды, олар арқылы студенттер практикалық білім мен дағдылар алады. Материалдық-техникалық базаны нығайтудың арқасында біз Чемпионатты өткізу географиясын кеңейттік. Биыл сайыс 8 қалада өтеді», – деді Асхат Аймағамбетов.