COVID-19

«Спутник V» мен Qazvac вакцинасын қабылдағандар АҚШ-қа бара алмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген қазақстандықтар үшін жағымсыз жаңалық. 8 қарашадан бастап Америка Құрама Штаттарына тек Ковид-19 вакцинациясының төлқұжаты бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі, бірақ АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы немесе ДДҰ мақұлдаған дәрілер ғана. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бекітілген вакциналар тізімі: Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson & Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP / Sinopharm, Sinovac.

Тізімде қазақстандық және ресейлік вакциналар жоқ.

Анықтамалар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша берілуі тиіс екені атап өтілді. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа аттанар алдында тексереді.

Жаңа талаптар: 18 жасқа толмаған балаларға, вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері құжатталған адамдарға, дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визасы бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.